19 Қаңтар 15:53

Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты басталады

IV жасөспірімдер Олимпиадасы
Фото: Olympic.kz

Бір сағаттан соң Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында 2024 жылғы қысқы IV жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты басталады, деп жазады Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Ашылу салтанаты өте қызықты өтеді деп болжануда. Дәстүрлі жиында Олимпиадалық қозғалыстың тарихы мен болашағы біріктірілмек. Ашылу салтанаты 2018 жылғы Олимпиада ойындарының астанасы әрі Оңтүстік Кореядағы қысқы спорт түрлерінің отаны саналатын Пхенчхан мен Каннында өтеді.

Іс-шаралардың басым бөлігі Каннындағы Gangneung Oval аренасында ұйымдастырылмақ. Осы уақытта Пхенчхандағы PyeongChang Dome нысанында да бөлек қойылымдар көрсетіледі. Ойынның ресми түрде ашылғанын білдіретін Олимпиада алауының эстафетасы Пхенчханнан бастап, Каннындағы аренада 2024 жылғы IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы алауының жағылуымен аяқталады.

Канвон ойындарының ашылу салтанатындағы мәдени қойылымдар «Ғалам» тақырыбының төңірегінде өрбиді. Бұл жастар үшін шексіз мүмкіндік барын бейнелейтін көрініс болмақ. Ойдан құрастырылған «мұз ғаламшарынан» басталып, ғарыш кеңістігінің гравитациялық дербестігімен мәреге жетпек.

Қойылымның жас қатысушылары өз іштеріндегі жұлдыздар мен шағын ғарышты зерттей келек, астарлы түрде ер жетіп, жарқырай түседі. Ашылу салтанатындағы Вуури есімді кейіпкер қыз қиялдағы патшалыққа саяхат жасап, өзінің астронавт болсам деген әуелгі арманына қайта оралады.

Салтанатты кеш соңында дәстүр бойынша Олимпиада алауы жағылмақшы. Алаудың сандық нұсқасы Каннындағы Олимпиадалық саябақта тұрады.

Айта кетелік, қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 2024 жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында өтеді. Қысқы ойындарға 78 елден келген 1900-ге жуыққ спортшы қатыспақ. Канвон ареналарында Қазақстан намысын спорттың бес түрі бойынша (9 дисциплина) 41 спортшы қорғайды. Алғаш болып жарыс жолына биатлоншылар шығады (жекелей сын), сондай-ақ, шорт-трекшілер 1500 мерде бақ сынаса, тұғырдан секіруден Қазақстан командасы да өз өнерін көрсетеді. Хоккейшілер алғашқы іріктеу турнирін Польша құрамасын қарсы өткізеді.