2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Оңтүстік Кореяның экс-президентінің жұбайына ресми айып тағылды

Оңтүстік Кореяның арнайы прокурорлар тобы  бұрынғы бірінші ханым Ким Кеон Хиге сыбайлас жемқорлық пен пара алу ісі бойынша ресми айып тақты. Ол қамауда отырған экс-президенттің жұбайы ретінде алғаш рет сот алдында жауап бермек.

Қазақы тазы
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Ким Кеон Хиге 2009–2012 жылдары акциялармен жасалған заңсыз мәмілелерді қаржыландыру, 2022 жылғы президенттік сайлау алдында қоғамдық пікір сауалнамаларының нәтижелерін заңсыз иемдену, сондай-ақ бизнес пен діни ұйымдардан қамқорлық үшін қымбат сыйлықтар қабылдау айыптары тағылды.

Айыптау қорытындысы оның алдын ала қамауда ұстау мерзімі аяқталуына екі күн қалғанда жарияланды, енді ол алты айға дейін қамауда қалуы мүмкін.

Экс-президент Юн Сок Ёль де қазір қамауда. Ол былтырғы желтоқсанда әскери төтенше жағдай енгізуге талпынысы үшін «көтеріліс ұйымдастырды» деген айыппен сот алдында жауап бермек. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы қаупі төніп тұр.

Қазір оқып жатыр

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

Әскерилер өлімі

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті