USD
USD
USD

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: 181 адамның 179-ы мерт болды

Алдын ала мәліметтер бойынша, екі адамды ғана аман алып қалу мүмкін болған. Олардың біреуі – жолаушы, екіншісі – экипаж мүшесі.

Ұшақ апаты
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жексенбі күні таңертең Jeju Air әуекомпаниясының ұшағы Муан халықаралық әуежайына шұғыл қонуға әрекеттенген кезде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған. Апат салдарынан ұшақта өрт шығып, артынан жарылыс болды.

Өрт сөндіру қызметі өкілінің айтуынша, соқтығыстан кейін жолаушылар ұшақтан ұшып кеткен. Бортта 181 адам болған, оның алтауы – экипаж мүшелері. Жолаушылардың басым бөлігі Оңтүстік Корея азаматтары, екі адам – Таиланд азаматы.

Бір жолаушы мен бір экипаж мүшесі  – апаттан кейін дереу құтқарылып, Мокпо қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Алайда, қалған 179 адамның барлығы қаза тапты.

Қазіргі уақытта апаттың нақты себебін анықтау үшін тергеу және құтқару жұмыстары жүргізілуде. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты