USD
USD
USD

Оңтүстік Кореядағы қазақ диаспорасы Наурыз мерекеcінде бас қосты

Оңтүстік Кореядағы қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлады 24 kz.

Мереке
Фото: qarmaqshy-tany.kz

Алматы, NEGE. Биыл мейрам қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келгендіктен жерлестеріміз концерттік іс-шара ұйымдастырмай ауызашарға дастарқан жайды. Елдің оңтүстігінде тұратын отандастар дәстүр бойынша Пусанға жақын Ёнсан елді мекеніндегі "Шырайлы Шымкент" атты кафеге жиналды.

 Биыл мейрам қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келгендіктен жерлестеріміз концерттік іс-шара ұйымдастырмай ауызашарға дастарқан жайды. Жиналғандарды Ұлыстың ұлы күнімен Қазақстанның Пусандағы бас консулы Аслан Асқар құттықтады.

"Керемет кеш болып жатыр. Өзіміздің қазақ бауырларымыз Наурыз мерекесіне жиналды. Бәрін көріп, танысып жатырмыз. Дастарқан мол жайылған. Наурыз құтты болсын!", - дейді Оңтүстік Кореядағы қазақ диаспорасының өкілі Айымгүл Мусина.

Қазақ диаспорасының тағы бір өкілі Талғар Сабыржан көбісі Оңтүстік Кореяға жұмыс істеу үшін келгенін айтады.

"Біз жұмыс киімін шешіп, демалғымыз келеді. Қазақ болғаннан кейін көпшілік ортаны жақсы көреміз. Наурыз болсын, басқа мейрам болсын, қазақтар осылай жиналып тұрғаны дұрыс деп ойлаймын", - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу