USD
USD
USD

Оңтүстік Кореяда ұшақ апатынан қаза тапқан жолаушының туыстарына жазған соңғы хабарламасы жарияланды

Оңтүстік Кореядағы Муан әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірі туысына мессенджер арқылы хабарлама жіберіп үлгерген.

Ұшақ апаты Оңтүстік Корея
Фото: Видеодан алынған скриншот

Алматы, NEGE. «Ұшақтың қанатына құс тиіп кетті, біз қона алмай жатырмыз», – деп жазған ол жергілікті уақыт бойынша 09:00-де. Туысы одан бұл жағдайдың қашан болғанын сұрағанда: «Дәл қазір. Соңғы сөздерді айтатын уақыт келген сияқты?”, – деп жазған.

Осы сөйлемдерден  кейін онымен байланыс үзілген.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 29 желтоқсан күні таңертең болған. Boeing 737-800 ұшағы қону кезінде қоршауға соғылып, ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, жарылған. Бортта 181 адам болған, оның 179-ы, оның ішінде алты экипаж мүшесі қайтыс болды. Екі адам аман қалды. Алдын ала болжам бойынша, апатқа құстардың соқтығысуы себеп болған.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.