USD
USD
USD

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласы полициясы Қазақстан азаматын ұстады. Бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады.

Заң
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Министрліктің хабарлауынша, жерлесімізге бөтеннің мүлкін бүлдіру, көші-қон режимін сақтамау және автокөлікті пайдалану қағидаларын бұзу бойынша айып тағылған.

«Қазақстандық дипломаттар бұл мәселені бақылауда ұстай отырып, аталған азаматқа консулдық-құқықтық көмек көрсетуде», – деп мәлімдеді ведомство.

Еске салсақ, бұған дейін Оңтүстік Кореяның Пхёнтхэк қаласында Орталық Азия елдерінен барған азаматтар арасында жаппай төбелес болғанын жазған едік. Кореялық полицейлер жанжал Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары арасында шыққан болуы мүмкін деген болжам жасаған. Алайда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Бексұлтан Құлмырза

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров

«Әлсіз кезімізде жасаған келісімдерді сақтауымыз керек»: экономист мұнай жобалары туралы

Decaf