USD
USD
USD

Оңтүстік Корея президентіне шетелге шығуға тыйым салынды

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынды.

Юн Сок Ёль
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Президенттің үстінен "мемлекетке опысыздық жасау және басқа да айыптар" бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Бұл мәселе полиция мен прокуратураның президентке және бірнеше жоғары лауазымды үкіметтік әрі әскери шенеуніктерге қатысты мемлекетке опасыздық және басқа да қылмыстар бойынша тергеу жүргізуі аясында көтерілген. 

Сонымен қатар, елдің Қорғаныс министрлігі, мемлекетке опасыздық жасау және тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан, Оңтүстік Кореяның қарулы күштерін басқару жоғарғы бас қолбасшы ретінде әлі де президенттің қолында екенін атап өтті.

Юнға қатысты полиция, прокуратура және CIO тарапынан бір мезгілде тергеу жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысынан жауап алынуы да мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.