USD
USD
USD

Оңтүстік Корея премьеріне жарияланған импичменттің күші жойылды

Оңтүстік Кореяның конституциялық соты премьер-министр Хан Док Судың импичментін қабылдамады. Ол енді президенттің міндетін атқаруға кіріседі, деп хабарлайды ВВС. 

Оңтүстік Корея
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Хан Док Су президенттің міндетін атқарушы қызметінде бар-жоғы екі апта ғана істеген. Бұрынғы президент Юн Сокты алмастырғаннан кейін көп ұзамай оған импичмент жариялаған. Оңтүстік Корея парламенті Хан Док Су қызметінен босатылуы керек, өйткені ол былтыр 3 желтоқсанында елде төтенше жағдай жариялаған президент Юн Сокпен бірге болды деп санайды. Сын сағатта үнсіз қалды деп айыптайды.

Алайда істі қараған судьялардың басым көбі мұнымен келіспеді. Бес судья импичментті жоюға дауыс берсе, біреуі қалыс қалды, ал екеуі импичментті қолдады. Сөйтіп басым дауыспен Хан Док Су кінәсіз деп танылды. Сот келтірілген айыптаулар импичмент жариялауға жеткіліксіз деп тапты.

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу