USD
USD
USD

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы басшысы қамауға алынды

Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жарылысқа қатысты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы басшысы қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «19 сәуірде прокуратурамен келісім бойынша Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемер кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс аясында қылмыстық кодекстің 453-бабы бойынша күдікті деп танылып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, биыл 15 наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қайдар Сәмиғоллаұлы Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити