USD
USD
USD

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 17 жылға сотталды

Оңтүстік Корея Республикасының Жоғарғы Соты бейсенбіде бұрынғы президент Ли Мен Бакқа қатысты төменгі сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 17 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2020 жылдың ақпанында апелляциялық сот бұрынғы мемлекет басшысын 17 жылға бас бостандығынан айырып, 13 миллиард вон (11 миллион доллар) айыппұл төлеуге және 5,7 миллиард вон (5 миллион доллар) төлемін төлеуге үкім шығарды.

2008-2013 жылдар аралығында президент болған 78 жастағы Ли Мен Бак 2018 жылдың сәуірінде 16 бап бойынша айыпталды, оның ішінде Ұлттық барлау қызметі мен Samsung Electronics-тен пара алу, сондай-ақ корпоративті салықтан жалтару және DAS компаниясының ақшасын жымқыру фактілері бар.

Ли Мен Бак ақпан айынан бастап үй қамақта отыр. Жоғарғы Соттың шешімі бойынша енді ол түрмеге жабылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық компания Еуроодақ санкциясына ілікті

Санкция

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Әсел Шәрімова

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Temu

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

жетісу