USD
USD
USD

Оңтүстік Кореяға виза жасап берем деп 5 адамды алдаған әйел ұсталды

 Қызылорда қаласында Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызуға виза құжатын рәсімдеп бере алатынын айтып, бірнеше адамнан алдап ақша алған алаяқ қолға түсті. 

Оңтүстік Кореяға виза жасап берем деп 5 адамды алдаған әйел ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 49 жастағы қала тұрғыны арызданған. Айтуынша, бейтаныс адам Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызуға виза құжатын дайындап беруге уәде етіп, алдап кеткен. Келген шығын  – 1 млн 500 мың теңге. Сол күні полицияға қаланың тағы төрт тұрғыны алаяқтық дерегі бойынша арыз түсірген. Оалардан жұмыс ақысы үшін алаяқ 700 мың теңгеден алған. Жалпы келген шығын  – 4 млн 300 мың теңге.

«Жедел іздестіру нәтижесінде күдікті полиция бөліміне жеткізді. Орта жастағы азаматшаның жалған ақпарат беріп, ақшаны өз қажетіне жұмсағаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр»,  – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан. Еске сала кетейік, Қызылордада 14 адамды сан соқтырған алаяққа сот үкімі шықты.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт