USD
USD
USD

Оңтүстік Кореяға індеттің үшінші толқыны келді

Елде індет таралмау үшін жаңа шектеулер енгізілді.

Оңтүстік Кореяға індеттің үшінші толқыны келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қолда бар мәліметке сүйенсек, өткен тәулікте Кореяда 450 адамнан COVID-19 анықталған. Ауру жұқтырғандардың жалпы саны 33 824 -ке жетті. Пандемия 523 оңтүстіккореялықтардың өмірін қиды. Сеул мен Кёнги провинциясы коронавирустың үшінші толқынының ошағына айналды.

Ең негізгі шектеу – мейрамханалар мен кафелер жұмысының кешкі 9-ға дейін қысқаруы. Оңтүстіккореялықтардың көпшілігі үйде емес, осындай қоғамдық орындарда тамақтанғанды жөн көреді. Кешкі 9-дан кейін тағамдарды тек өзімен әкетуге рұқсат етіледі. Мектеп оқушылары онлайн оқиды. Ойын-сауық мекемелері, түнгі клубтар мен караоке-барлар жабық. Ертеңнен бастап спорт және би билеу секцияларға баруға тыйым салынады. Сауналар мен моншалар да сейсенбіден бастап жұмысын тоқтатады. Үкімет сонымен қатар Сеул тұрғындарын 10-нан астам адамның жиналысынан бас тартуға және залдарда жаңажылдық кештер өткізбеуге шақырды. Жас жұбайларға үйлену тойын өткізбеуді өтінді. Кинотеатр жұмысына да шектеу қойылды.

Себептердің бірі – масканы теріс кию немесе бетін жуылмаған қолымен ұстау. Соңғы жағдайлар Сеул шіркеулерінің бірінде тіркелді. Онда 146 адам инфекцияны жұқтырған. Вирус би академиясына барған 21 Сеул тұрғынынан да табылды. Індет балалар кафесі, сауналар, халық аспаптары үйірмесі және әскерде көп тіркелген. Сарапшылар адамдар шектеулерді орындамаса, коронавирус фактілері тәулігіне 1000-ға дейін көбеюін жоққа шығармайды. Алдын алу іс-шаралар бөлімінің бастығы Мин Пок Ки маска кию коронавирустан қорғаудың ең жақсы әдісі деп санайды. Оның айтуынша, көптеген жағдайларда адамдар COVID-19 жұқтырған адаммен бір бөлмеде болған кезде де, масканы дұрыс киіп, қолдарын мұқият жуып алған жағдайда індет жұқтырмайды.

Корея премьер-министрі Чон Се Гюн  үкімет 30 миллионнан астам адамды COVID-19 вакцинасымен қамтамасыз етеді деп жоспарлап отыр. Еске сала кетейік, Кореяда 51 миллионнан астам халық тұрады. Кореяда әлі вакцина жасалған жоқ, бірақ оны сатып алу жоспары осы аптада жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп