Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Оңтүстік Кореядан Қазақстанға гуманитарлық көмек жетті

Оңтүстік Корея мемлекеті елімізге коронавируспен күресу үшін гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оңтүстік Кореядан Қазақстанға гуманитарлық көмек жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Алматы халықаралық әуежайына Сеулден келген ұшақ келіп қонды. Жалпы салмағы бір жарым тонна болатын жүкте дәрі-дәрмек, антибиотик, түрлі дәрумендер, қорғаныш киімдері мен өзге де медициналық бұйымдар бар.

Айта кетейік, осыған дейін де Оңтүстік Корея Қазақстанға бірнеше мәрте гуманитарлық көмек қолын созған еді.

Нығметжан Сапаров, ҚР СЖҚІҚА Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы:

- Әуежайға жеткізілген жүк «СК Фармацияға» тапсырылады. Олар еліміздегі медициналық мекемелердің қажетіне қарай дәрі-дәрмектер мен өзге де медициналық заттарды үлестіреді. Бұл істің барлығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қадағалайды.

Қазір оқып жатыр

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант

Министрлік мектеп формасына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді

оқушылар

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер