USD
USD
USD

Оңтүстік Кореяда жұмыс істеген қазақстандық 18-қабаттан құлап қайтыс болды

Оңтүстік Кореяда 18-қабаттағы пәтердің төбесін бояғалы жатқан қазақстандық ер адам жерге құлап кетіп көз жұмды.

Оңтүстік Кореяда жұмыс істеген қазақстандық 18-қабаттан құлап қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 47 жастағы ер адам Кимхэ қаласының Квандон ауданындағы 18-қабаттағы пәтердің төбесіне бояу жұмыстары үшін қорғаныс жолағын орнатып жатқаны хабарланды.

Болжам бойынша, ол қауіпсіздік жолағын орнату кезінде шалынып құлап кеткен. Оқиғадан кейін бірден қазақстандық азамат ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.

Полицияның мәліметінше, қазақстандық ер адам Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген. Ол елге туристік визамен кірген.

Сонымен бірге, жергілікті полиция бұл жазатайым оқиғаны егжей-тегжейлі зерттейтінін, әсіресе жабдықтың тозуы мен компания басшылығының қауіпсіздік ережелерін сақтауын тексеретінін мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс