USD
USD
USD

Оңтүстік Кореяда мектептер мен балабақшалар жұмысын бастады

Оңтүстік Кореяда балабақшалар мен бастауыш мектеп қайта ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24». Негізі елдегі оқу жылы наурыз айында басталатынына қарамастан, бүгінге дейін оқушылар қашықтан білім алып келді.

Оңтүстік Кореяда мектептер мен балабақшалар жұмысын бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірақ сабақты қайтадан  сыныпта өткізу туралы шешімге қазір қоғамда түрлі пікір айтылып жатыр. Ата-аналарды алаңдататын жайт, инфекция ошағына айналған түнгі клубтар. Өйткені осы мекемелерге барғандардың арасында мұғалімдер де болған. Айта кетейік, өткен тәулікте вирус жұқтырған тағы 19 науқас тіркелді. Қазір олардың жалпы саны 11 мыңнан асады.

Оңтүстік Кореяда қазір сақтық шаралары мейлінше күшейтілген. Оқушылар мен мұғалімдердің сабаққа маскасыз кіруіне рұқсат жоқ. Алайда тәжірибе көрсеткендей, профилактика шаралары әркез тиімді емес. Мәселен, жуырда алты жасар баланың вирус жұқтырғаны анықталды. Белгілі болғандай, ол жекеменшік көркем өнер мектебіне барып жүрген. Бала инфекцияны бейнелеу өнері мұғалімінен жұқтырса керек. Өйткені тестілеуден өткен оқытушының нәтижесі оң болып шықты. Ол жалпы саны 35 оқушымен және 3 педагогпен байланыста болыпты. Осыдан кейін бір ғимаратта болған 13 білім беру мекемесін жабуға тура келді. Оның ішінде аталған көркемөнер мектебі де бар. Жалпы, инфекцияға шалдыққан мұғалім вирусты ойын-сауық орындарына барып жұқтырды деген де болжам бар. 

6 мамырда 29 жастағы ер азаматтан коронавирус табылған еді. Кейін оның Итэвон ауданындағы түнгі клубтарға барғаны расталған болатын. Ал бүгінде ойын-сауық мекемелеріне барып, «КОВИД-19-ды» жұқтырғандардың саны 237-ге жетіп отыр. Сондықтан, Сеулдегі барлық сауық орталығы түгел жабылған. Ашылған күннің өзінде мекеме иелері күнделікті зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуге міндеттеледі. Бұған қоса, келушілер тізімін жасауы тиіс. Вирус жұқтырудың жаңа деректері елдің білім министрін аса қатты алаңдатпайтын сияқты. Өйткені коронавирусқа шалдығу бүгінде қалыпты жағдайға айналған. Сондықтан сабақты қазір бастамаса, оқушылардың білімі айтарлықтай төмендеп кетуі мүмкін дейді ведомство басшысы. Себебі қашықтан оқу сыныпта білім алумен бірдей емес.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Елші және Қасым-Жомарт Тоқаев

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Әкесін ұрып-соққан

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші