Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Оңтүстік Кореяда көз жұмған қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

Оңтүстік Кореяда көз жұмған 22 жастағы қазақстандықтың денесіне елге жеткізілді.

Оңтүстік Кореяда көз жұмған қазақстандықтың денесі елге жеткізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл мәселе бірінші күннен бастап біздің елшіліктің бақылауында болды. Кеше бәрін шештік. Біздің отандасымыздың денесі Қазақстанға жеткізілді. Алматыда ұшақ таңертең қонды. Бүгін түстен кейін Шыментке жеткізіледі», - деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында аптасына бір рет қана ұшақ қшады. «Мәселе біздің Сеулдегі консулдықтың күш салуымен және Эйр Астана әуе компаниясының қолдауымен шешілді. Дипломаттар қайтыс болған жігіттің туған-туыстарымен хабарласып отыр», - дейді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, өткен айда да Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 2 азаматы қайтыс болған еді. Жергілікті полицияның қазақстандықтарға дипломаттарға берген ақпаратына сәйкес, олар жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан алған жарақаттан қаза болған.

Аталған жағдайлар бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz