USD
USD
USD

Оңтүстік Кореяда қашып кеткен қазақстандықты ұстауға сыйақы жарияланды

Оңтүстік Корея қашып кеткен қазақстандықты ұстауға 30 миллион вон (10 миллион теңгеден астам) сыйақы ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оңтүстік Кореяда қашып кеткен қазақстандықты ұстауға сыйақы жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Оңтүстік Корея пабликтері мен әлеуметтік желілерден белгілі болды. Korea Komek мәліметінше, Оңтүстік Корея билігі 18 жастағы қазақстандық Нұрсұлтан Ырысбаевты ұстауға көмектескені үшін ақшалай сыйлық пен виза беруге уәде еткен.

"Нұрсұлтанға көмектескен отандастар! Егер кімде-кім оған көмектессе немесе оның қайда екенін білсе, бірақ бұл туралы хабарламаса, Нұрсұлтанның қасындағы адамдар қорықпай жүгіне алады, сіз туралы ақпарат еш жерде жарияланбайды!" - делінген хабарламада.

Еске салайық, 28 наурызда Қазақстанның депортацияланған екі азаматы Оңтүстік Кореяға қашып кеткен болатын. Желі қолданушылары жексенбіде таңғы сағат 4:20 шамасында 21 және 18 жастағы екі қазақстандықтың депортацияланатын рейсті күтіп тұрғанда әуежайдың ұшу-қону жолағы жанындағы қоршаудан асып, қашып кеткенін хабарлады.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті

«12 мың адам көрген»: TikTok-та былапыт сөз айтқан семейлік әйел 5 тәулікке қамалды

бес тәулікке қамалды