Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 142 адам коронавирус жұқтырды

Оңтүстік Корея соңғы тәулікте 142 коронавирус жұқтыру оқиғасын тіркеді, деп хабарлайды YONHAP NEWS AGENCY.

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 142 адам коронавирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жалпы елде вирусты 346 адам жұқтырған. Олардың көпшілігі Чхонда оңтүстік-шығыс ауруханасы мен оңтүстік-шығыстағы Тэгу шағын қаласында тіркелген.  Билік барынша қауіпсіздік шараларын нығайта түсті. Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары 142 жаңа оқиғаның 92-і Чхондодағы Daenam емханасымен байланысты екенін хабарлады. Осы емханада жаңа вирустан Оңтүстік Кореядағы алғашқы адам қаза тапқан. Жұма күні Daenam ауруханасында COVID-19-дан екінші науқас қайтыс болды. Қазіргі күні ауруханада 108 вирус жұқтыру оқиғасы тіркелген. Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігінің хабарлауынша, 38 науқастың Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 300 км жердегі Тэгу қаласы мен көршілес Солтүстік Кенсан провинциясында орналасқан Синчхонджи деген атпен танымал христиандық сектаға қатысы бар екені белгілі болды. Билік өкілдері 2,5 миллион тұрғыны бар Тэгу қаласының халқына үйде болып, аса қажеттілік болмаса ешқайда шықпауға кеңес берді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА