USD
USD
USD

Оңтүстік Корея шорт-тректен әлем чемпионатын өткізуден бас тартты

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласы 13-15 наурыз күндері өтуі тиіс шорт-тректен әлем чемпионатын өткізуден бас тартты. Бұған себеп - әлемдегі қауіпті дерт коронавирустың таралуы. Сеулдің ресми түрде біріншіліктен бас тартқаны туралы Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы да (ISU) растап отыр деп хабарлайды Olympic.kz. 

Оңтүстік Корея шорт-тректен әлем чемпионатын өткізуден бас тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE.  ISU Сеулдегі коронавирусқа қатысты жағдайды үнемі бақылауда ұстап, ең соңына дейін жақсылықтан үміттенгенін мәлімдеді. Алайда, Оңтүстік Кореяның конькимен жүгірушілер одағы Сеулдегі құзырлы органдардың жарыс өтуі тиіс Мокдонг мұз айдын сарайын жауып, жоспарланған іс-шараларады толығымен кейінге шегергенін жария етті. 

Осыған байланысты, шорт-тректен наурыздың 13-15 аралағында өтуі тиіс әлем чемпионаты белгісіз мерзімге кейінге қалды. Әзірге, әлемдік доданың нақты қашан және қайда өтетіні анықталған жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер