Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Оңтүстік Корея президентіне коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасы егілді

Сейсенбі күні Оңтүстік Корея елінің президенті Мун Чжэ Ин Ұлыбританияда өтетін G-7 саммитіне қатысу алдында COVID-19 вирусына қарсы AstraZeneca вакцинасының бірінші дозасын алды.

Оңтүстік Корея президентіне коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасы егілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президентке екпе Сеул қаласындағы президенттік кешенге жақын орналасқан Чонногу медициналық орталығында салынды. Президентпен қатар вакцина оның зайыбы Ким Чжон Сук пен ел басшысымен маусымда Ұлыбританиядағы сапарында бірге еріп жүретін тоғыз шенеунікке егілген. G-7 саммитін 11-13 маусым күндері Корнуоллдағы Карбис-Бэйде өткізу белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Сейсенбіде Оңтүстік Корея 65 және одан үлкен жастағы адамдарға коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын егуді бастады. Бірер күн бұрын жергілікті денсаулық сақтау органдары вакцина мен адамдарда тромбтардың пайда болуы оқиғалары арасында ешқандай байланыс анықтамағанын мәлім етті. AstraZeneca вакцинасының алғашқы дозасы егілгеннен 8-12 апта өткенде екінші дозасы салынады.

Қазір оқып жатыр

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық

Маңғыстауда кәсіпкер салынып қойған нысан құрылысына 117 млн теңге субсидия алған

Ақша