USD
USD
USD

Оңтүстік Корея президенті Хэллоуиндегі жағдай үшін кешірім сұрады

Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёл Сеулдегі Хэллоуин мерекесінде болған оқиғаға байланысты халықтан кешірім сұрап, кінәлі барлық шенеуніктерді жауапқа тартуға уәде берді.

Оңтүстік Корея президенті Хэллоуиндегі жағдай үшін кешірім сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Ол өзін балаларынан айырылған ата-анамен салыстыруға батылы бармайтынын, бірақ президент ретінде қайғырып отырғанын атап өтті.

Ол сонымен қатар полиция мен ұлттық қауіпсіздікті басқару жүйесін реформалайтынын айтқан. Қазір бұл оқиғаға қатысты құзырлы органдардың әрекетіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, жиында билік адамдар көп жиналатын жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын талқылады.

Сеулдің ресми ақпарат құралдары кем дегенде 156 адамның қаза тапқанын хабарлады. Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл 5 қарашаға дейін ұлттық аза тұту жариялады.

Сеулде 26 жастағы ақтөбелік Мәдина Шерниязова көз жұмды. Қаза тапқандар арасында Ресей, Қытай, Иран, Жапония, Өзбекстан, Норвегия және Вьетнам азаматтары бар барлығы 26 шетелдік бар.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков