USD
USD
USD

Оңтүстік Корея қатаң шараларға оралмақ

Карантин режимін жеңілдеткен Оңтүстік Корея халықты оқшаулаудың қатаң шараларына оралады, - деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Оңтүстік Корея қатаң шараларға оралмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Штаб мәліметінше, қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда "әлеуметтік қашық" режимі іске қосылған. Ел астанасында карантиннен кейін жұмыс істеуге рұқсат етілген түнгі клубтар мен барлар қайта жабылады.

Сеул билігі соңғы уақыттарда коронавирусты жұқтырғандар санының едәуір артуына байланысты барлық көңіл көтеру орындарының жұмысын шұғыл тоқтату туралы шешім қабылдады.

24 сағат ішінде Итхэвон ауданында коронавирусты жұқтырған 18 адам анықталды. Сонымен қатар 17 адамның бәрі бір адамнан жұқтырғаны белгілі болды.

"Вирусты жұқтырған адаммен бір жарым мың адамға дейін байланыста болуы мүмкін деп болжануда. Қала мэрі мамыр айының басында Итхэвондағы клубтарға барғандардың барлығын коронавирусқа тест тапсырып, үйден шықпауға шақырды. Оңтүстік Кореяда вирусты жұқтырғандар саны 11 мыңға жақындап қалды", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу