USD
USD
USD

Оңтүстік Корея бұрынғы президентін 17 жылға соттады

Корея соты 78 жастағы экс-президент Ли Мен Бак-ты сыбайлас жемқорлық және билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды zakon.kz

Оңтүстік Корея бұрынғы президентін 17 жылға соттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елдің экс-басшысына 17 жылға бас бостандығынан айыру, сонымен бірге шамамен 15,7 миллион доллар айыппұл салу жазасы кесілді.

Ли Мен Бак 2018 жылдың қазан айында салық төлеуден жалтару, мемлекет қаржысын заңсыз пайдалану және өкілеттіктерді асыра пайдалану сияқты 16 бап бойынша сотталған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, ол Ұлттық барлау қызметінің құпия операцияларын қаржыландыруға арналған 11 миллиард вон (9,3 миллион доллар) жымқырған.

78 жастағы Ли Мен Бак 2008 жылдан бастап 2013 жылға дейін Оңтүстік Кореяның президенті болған.

Ол Кореяның қылмыстық заң бойынша сотталған осымен төртінші бұрынғы президенті.

Қазір оқып жатыр

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

Пәтер кілті

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады

Нұрғали Нұғман

Талғарда екі кішкентай қыздың әкесі жас жігіттің қолынан қаза тапты

кісі өлімі