USD
USD
USD

Өңірлерде жаңа су қоймаларының құрылысы басталды

Биыл Қазақстанның әр өңірінде 5 су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Су қоймасы
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. 8 нысанның құжаттары әзірленіп жатыр. Жалпы 11 облыста 20 жаңа су қоймасын салуды жоспарланып отыр. Жұмыс 2024-2028 жылдар аралығында орындалуға тиіс.

Жаңа су қоймалары суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға ұлғайтуға және 137 мың тұрғыны бар 70 ауылдық елді мекенді су басу қаупін азайтуы керек.

«Құрылыс жұмыстары су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес жүргізілетін болады. Қазір жаңа су қоймаларын салуға инвесторларды тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Жоба елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және трансшекаралық өзендерге тәуелділікті азайту үшін іске асырылуда», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Қазір оқып жатыр

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы