Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Онлайн курс сатып алған астаналық 2 млн теңгеге алданып қалды

Астана қаласының тұрғыны интернеттегі онлайн курсқа жазылып, алаяқтың құрбанына айналды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Онлайн курс
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Жас жігіт өзін кәсіби маман ретінде танытып, 25 жастағы жәбірленушіге шаш үлгілерін жасау бойынша онлайн курс ұсынған. Сонымен қатар ол шет елдермен киім саудасын жүргізуге көмектесетін мүмкіндіктер ашатынын айтып, сенім ұялатқан.

Алаяқ өз курсына қызығушылықты арттыру үшін 4 дана «Dyson» шашқа арналған аппаратын сыйлыққа беремін деп уәде еткен. Сеніміне кірген жәбірленуші алаяқтың есепшотына шамамен 2 миллион теңге көлемінде қаражат аударған. Курстың екі күннен кейін басталатынын естіген жәбірленуші оны бір апта бойы күтіп, ақыры алданғанын түсінеді. Ол бірден полицияға жүгінеді.

Алаяқтық әрекеттің ізін суытпай ашқан Алматы ауданының полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу барысында бұл алаяқтықтың жалғыз оқиға емес екені белгілі болды. Күдіктінің осындай тәсілмен тағы он адамды алдап, олардың қаржысын иемденгені анықталды.

Қазіргі таңда алаяқтық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бизнеске арналған тағы бір мемлекеттік қызмет банктерге беріледі

компанияны тіркеу

«15 млн қазақстандықтың деректері сатылымға шықты»: ІІМ ресми мәлімдеме жасады

Түркістан

Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан сотқа берген ақтөбелік емші айыппұл арқалады

Алагөзова, Сәтжан

Қазақстанда Telegram жұмысы баяулады: жауапты мамандар не дейді?

Telegram