USD
USD
USD

Онлайн-казино ұйымдастырғандар сотталды

Шымкенттің екі тұрғыны онлайн-казино ұйымдастырғаны үшін екі жылға сотталды, – деп хабарлайды Қазақстан Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі. 

Онлайн-казино ұйымдастырғандар сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкент қаласының Экономикалық тергеу департаментінің тергеу нәтижелері бойынша, Наурыз және Нұрсат шағын аудандарында заңсыз ойын мекемелерінің жұмысы тоқтатылды.

«Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен онлайн-казино ұйымдастырған екі адам Қылмыс кодекстің 307-бабының, 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру" бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада.

Тәркіленген заттар (10 теледидар, 22 жүйелік блок, 22 монитор және басқа да техника) мемлекет кірісіне алынды. Қаржы мониторингі комитеті заңсыз ойын бизнесін белгіленген орындардан тыс жерде ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді. 

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов