USD
USD
USD

Онлайн-альфонс ақтөбелік зейнеткерді алдап кетті

Онлайн-альфонс зейнеткерді 36 млн теңгеге алдады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Онлайн-альфонс ақтөбелік зейнеткерді алдап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 22 қыркүйекте Ақтөбе қаласының Полиция басқармасына 65 жастағы әйелден арыз түсті. Өз мәлімдемесінде ол әлеуметтік желіден танысқан алаяқтың құрбаны болғанын мәлімдеді.

Ер адам өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырып, жәбірленішуге сыйлық пен ақша жіберемін деп мекенжайы мен толық аты-жөнін сұраған. Ал сәлемдемені жіберу үшін кедендік БАЖ салығын төлеу керектігін айтып, есеп айырысу шотына ақша аударуды сұраған. Сонымен қатар, “күйеу жігіт” зейнетке шыққаннан кейін Қазақстанға көшуге ниетті екеніне сендірген. Жәбірлеуші әйел пәтерін сатып, шоттағы 36 млн теңгеден астам қаражатты алаяққа аударып жіберген. Осы дерек бойынша алдын ала тергеу басталды. Полиция департаменті желідегі ақпаратқа сыни қарауға және мүмкіндігінше фактілерді тексеруге шақырады.

Киберқылмыскерлер бұл туралы біледі, себебі олар “декорацияны” жақсы қолданады. Яғни өздерін іздеу жүйесіне енгізгенде шын адам есебінде тіркейді. Нақтырақ айтқанда өздерін жасыру мақсатында дәрігерлер, нотариустар немесе әскери қызметшілердің суреттері мен есімдері жиі қолданылады.

Күдіктіге он бес жылдан жиырма жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкіндігі және мүлкі тәркілену қаупі бар екендігі ескеріледі.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев