USD
USD
USD

Онлайн парад: «Өлмейтін полк» акциясы биыл қалай өтеді?

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, «Өлмейтін полк» акциясы биыл онлайн режимінде өтеді. Бұл қандай шеру сонда?

Онлайн парад: «Өлмейтін полк» акциясы биыл қалай өтеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Россотрудничества» деген ұйымның Алматыдағы өкілдігі былай деп хабарлады: «Ұлы Отан соғысы әр отбасыға әсер етіп, жазылмайтын жара қалдырды. Әр отбасының өз тарихы, мақтан ететін, ұмытпайтын батыры бар. Алматыдағы Орыс үйі «Өлмейтін полк» онлайн-шеруін өткізеді».

Ол үшін шеруге қатысқысы келгендер 6 мамырға дейін Орыс үйінің электронды поштасына өз қаһарманы туралы дерек жіберу керек екен.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 7 мамырда Отан қорғау күніне және 9 мамыр Жеңіс күніне қатысты әскери парад өтпейтінін хабарлаған. Бұған себеп – қаржы тапшылығы мен кезек күттірмейтін басқа мәселені шешу қажеттігі. Дегенмен де президент Қ.Тоқаев 5 мамыр күні жалпы әскери кеңес өткізеді. Ал 9 мамырда Астанада Соғыс құрбандарын еске алады.  

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда екінші дүниеж.зілік соғысқа қатысқан 237 ардагер бар. 9 мамыр қарсаңында әр ардагерге 1,5 млн теңгеден өтемақы төленеді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе