Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Онлайн оқитын студенттердің оқу ақысы арзандай ма?

ҚР Білім және ғылым министрлігі берген тапсырмаға сәйкес барлық жоғары оқу орындары қосымша шығындарға ұшырап жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Онлайн оқитын студенттердің оқу ақысы арзандай ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жоғары оқу орындарына академиялық және қаржылық дербестік берілген, сондықтан оқу ақысы қанша болатыны туралы мәселені әр институт, әр университет, әр академия өзі шешеді. Қашықтан оқытқанда шығын аз болады деген түсінік бар. Негізінде олай емес, мысалы оқу орнында 5 корпус болса, бесеуі де жабылмайды. Оның коммуналдық шығындары, жұмыс істеп жатқан оқытушылардың шығындары бар», - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, қашықтан оқу режиміне көшкенге дейін жоғары оқу орындарында қашықтан оқу жүйелері, технологиялары болмаған.

«Сондықтан олар қазіргі уақытта арнайы шығынданып, арнайы жүйелерді сатып алып жатыр. Интернет күшін кеңейтуде. Біз берген тапсырмаға сәйкес барлық жоғары оқу орындары қосымша шығындарға ұшырап жатыр. Бұл министрлік емес, әр университет өзі шешетін мәселе», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Сарапшылар азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өзара іс-қимылын талқылады

ҚҚДИ

Үлкен Алматы айналма автожолымен жүру құны екі есе қымбаттайды

тариф

Тойдағы тілек қандай болуы керек? Этнограф дәстүрдің мәнін түсіндірді

Тойдағы уағыз

«Уахабист емеспін»: Бекболат Тілеухан діни ұстанымына қатысты жауап берді

экс-депутат