USD
USD
USD

Онкологиямен ауыратын науқастарға ота жасалды

Алматыда онкологтар бірегей ота жасап, 56 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды. 

Онкологиямен ауыратын науқастарға ота жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы онкология орталығының мәліметінше, 1965 жылы туған әйелдің бауырында, ұлтабардың түсу бөлігінде ІІІ дәрежелі жоғары көтерілетін тоқ ішектің қатерлі ісігі, паранефральдік майлы өзек және тамыр тромбозы болған.

«Тексеру кезінде науқаста ісіктің ыдырауы да анықталды. Жабық ішек перфорациясы.Токсикалық-анемиялық синдром. Ауыр анемия. Пациенттің жай-күйі өте қиын болды», - дейді орталықтың онколог-хирургы Нұрлан Балтаев.

Дәргердің атуынша, орталықтың онкологтары күрделі бірегей ота жасады: лапаротомия, оң жақта гастропанкреатодуаденальды резекциямен кеңейтілген біріктірілген гемиколэктомия, бауырдың VI сегментінің резекциясы, оң жақтағы паранефральдік майлы тіндердің резекциясы, илеоколиялық венаның тромбоэктомиясы, лимфодиссекция.

4 сағатқа созылған ота сәтті өтті.

Операциядан кейінгі кезең ешбір қиындықсыз өтіп, науқас 14-ші күні қанағаттанарлық жағдайда аураханадан шығарылды.

Өз кезегінде онкологтар Алматы тұрғындарын тіркелген жері бойынша қалалық емханаларда белсенді түрде тегін скринингтен өтуге шақырады, өйткені мегаполисте скрининг пен онкологиялық науқастарды ерте диагностикалаудың артуы арқасында қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім төмендеді.

Кейінгі кезеңдерде аурудың белгілері пайда болған кезде және ісіктің таралу ықтималдығы бар болса, ауруды емдеу күрделене түседі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан