USD
USD
USD

Өңірлік үш жақты комиссия отырысы өтті

Шымкентте әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үш жақты комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Өңірлік үш жақты комиссия отырысы өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жиынға қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы жұмыс берушілер Конфедерациясының өкілі Альберт Толщин және кәсіподақ төрағалары мен қызметкерлері, мемлекеттік басқарма басшылары мен медиаторлар қатысты.

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын дүние жүзінде жұмысшылар өндірісте 270 млн жазатайым жағдайдан зардап шегеді.

Шымкент қаласында орналасқан мекемелер мен кәсіпорындарда өткен жылы 48 жазатайым оқиға салдарынан 56 адам зардап шегіп, 9 адам қайтыс болды. Биылғы көрсеткіш бойынша 8 жазатайым оқиға тіркеліп, 12 адам зардап шекті. Көрсеткіштер өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда төмендеу динамикасында.

Үш жақты комиссия аясында әр түрлі сала басшылары тарапынан қала аумағында әлеуметтік шиеленістің, еңбек жанжалдарының алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, өндірістердегі жарақаттану деңгейін төмендету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Жиында Шымкент қаласындағы кәсіпорындардың мониторингі бойынша анықталған еңбек дауы, болуы мүмкін жағдайлар және жалақы қарыздары, арыздар аясында басқарма басшыларының есебі, тағы басқа мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімдігі, «Шымкент қаласының «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және «Қазақстан Республикасы жұмыс берушілер Ұлттық Конфедерациясы» заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған өңірлік келісімге қол қойылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин