Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Өңірлерде карантин талаптары күшейеді

Коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты елде карантин талаптары күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірлерде карантин талаптары күшейеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 9 қарашада Павлодар қаласының маңына блокбекеттер қойылады. Өңірдегі сауда ойын-сауық орталығы мен азық-түлік емес дүкендердің жұмыс кестесіне өзгеріс енеді. Қызметкерлердің көбі қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысады. Келер аптада шектеу шаралары Көкшетау мен Петропавл қалаларында да енгізілмек.

Шаһарлардың аумағына блокбекет қойылып, облыс орталығынан Нұр-Сұлтан мен Алматыға қатынайтын теміржол және әуе қатынастары азаяды. Вокзал және әуежайға шығарып салушылар мен күтіп алушылар кірмейді. Облыс ішінде тұрғындардың бейсауат қозғалуы шектеледі. Қостанайда да карантин талаптары күшейеді. Мұнда жасы 65-тен асқан кісілерге аса қажеттілік болмаса, көшеге шықпауға кеңес берілді. Еске сала кетейік, бұған дейін елдің бірнеше өңірінде санитарлық бекет қойылған еді.

Қазір оқып жатыр

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық

Қазақстанда сауда өсімі екі есеге жуық баяулады – экономист

әлеуметтік маңызы бар тауарлар