USD
USD
USD

Өнертанушы Ерлан Төлеутай екі көзінен бірдей айырылып қалуы мүмкін

Қазақтың әндерін зерттеп жүрген өнертанушы Ерлан Төлеутайдың жағдайы мүшкіл. Бұл деректі бүгін дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Өнертанушы Ерлан Төлеутай екі көзінен бірдей айырылып қалуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

«Қазақтың әні десе, ішер асын жерге қоятын, қазаққа болсын деп жанұшыра жүрегін ала жүгіретін Ерлан Төлеутай ағамызға сын сағатта жәрдем етейік.

Ерағамыздың қос көзі көрмей қалған. Бір көзі су қараңғы, екіншісіне бір аптаның ішінде ота жасамаса, одан да айырылу қаупі төніп тұр дейді.

Соған тез арада 3 млн теңге қаржы қажет екен. Ота 7 желтоқсан күні Мәскеу қаласында жасалмақшы. Көрмей қалған көзінің орнына да гель құяды дейді. Онсыз орны үңірейіп қалмақ...

Осы кезге дейін қазақ музыкасын зерттеп, қаншама әнді сіңіріп, жеткізіп жүріп Алматыдан үй де ала алмағанын білеміз.

Енді мына қауіп төніп тұр екен!

Не істейміз? «Көп түкірсе көл» деп ортаға барымызды салайық.

Ол кісіге жердем үшін ақша жинауға кіріскенімізді естісе, бізге ренжуі мүмкін. Бірақ, басқа шара жоқ, уақыт өте тығыз!

Өнер деп өртенген жүректі, көкірегі сөйлеген кеудені жанарсыз қалай қалдырамыз?

КАСПИЙ мына номерге тіркелген.

87072978531

Зейнеп деп шығады. Ерлан ағамыздың үйіндегі жеңгейдің нөмірі. Бей-жай қарамаған, қазақтың әнін бағалаған мұсылман баласы, дұға-тілегіңізді, қолдан келгенді аямасаңыз екен!», – деп жазды Ерлан Рысқали.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп