USD
USD
USD

Өнеркәсіп саласында жарты жыл ішінде өндіріс көлемі 6,5%-ға өсті

Үкімет үйінде Мемлекет басшысының өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларындағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясы өтті.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Онда Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады. Ол нақты секторды дамыту жөнінде айтып берді.

«Өнеркәсіпте жарты жыл ішінде өндіріс көлемі 28,9 трлн теңгені құрап, 6,5%-ға өсті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 13,7 трлн теңгеге өнім өндірді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,5%-ға жоғары. Өңдеуші сектордың елдің Жалпы ішкі өнімге қосқан үлесі - 12,4%. Бұл өсім машина жасау (+11,1%), химия өнеркәсібі (+7%), құрылыс материалдарын өндіру (+8,6%) және азық-түлік өнімдері (+10%) көрсеткіштерінің артуы есебінен қамтамасыз етілді»,

— деді ол.

Биыл жалпы құны шамамен 1,5 трлн теңге болатын 190 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінде оның 196 млрд теңге сомасына 47 жоба іске қосылып, 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Қазір оқып жатыр

TikTok арқылы диван сатпақ болған әйел 2,5 жылға сотталды

алаяқтық

КҚК теңіз терминалында мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды

танкерлерге шабуыл

Энди Бернем Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі атанды

Энди Бернем

Павлодар облысы Жоламан ауылында кәріз құдығында алты адам қаза тапты

кәріз құдығы