USD
USD
USD

Өнеркәсіп министрлігі ERG-дің екіге бөлінетіні туралы сыбысқа пікір білдірді

Таяуда Bloomberg агенттігі Eurasian Resources Group (ERG) иелері компанияны екіге – қазақстандық және халықаралық бизнеске бөлуді қарастырып жатқаны туралы ақпарат жариялаған еді.

ERG
Фото: ERG

Астана, NEGE. Бүгін, 21 шілдеде өткен брифингте өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев БАҚ өкілдерінің осы ақпаратқа қатысты сұрағына жауап беріп, компания тарапынан активтерді бөлу немесе меншік иелерін ауыстыру жөнінде ресми өтініш түспегенін мәлімдеді.

«Әзірге ешқандай ресми хат келген жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқан ақпаратқа келсек, егер акционерлер өзара қандай да бір мәселені талқылап жатқан болса, ресми түрде министрлікке ешкім жүгінген жоқ. Бұл – министрліктің нақты ұстанымы. Бізге ешқандай құжат түскен жоқ», – деді Нағаспаев.

Сондай-ақ министр компанияны бөлу үдерісі қалай жүретінін түсіндірді: алдымен компания ресми өтініш береді, содан кейін министрлік оны қарап, құзырлы мемлекеттік органдармен келіседі. Осыдан кейін ғана қорытынды шығарып, тиісті мәміле жасауға рұқсат береді.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы