USD
USD
USD

«Өнеркәсіптік саясат туралы» заң тұжырымдасы биыл қабылданады

«Өнеркәсіптік саясат туралы» заң тұжырымдасы жыл соңына дейін қабылданады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өнеркәсіптік саясат туралы» заң тұжырымдасы биыл қабылданады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінгі таңда «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң тұжырымдамасының жобасы әзірленуде. Жобаны салалық қауымдастықтар, өнеркәсіптік кәсіпорындар және мүдделі мемлекеттік органдар талқылап жатыр. Заң жобасында қолдау шараларын кеңейту, мемлекеттік, квазимемлекеттік секторлар мен жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан кепілді сатып алуды жүзеге асыру шаралары көзделген. Тұжырымдама жыл соңына дейін қабылданады», - деді ол. Министрдің атап өтуінше, ведомство реттелетін сатып алудағы жергілікті қамтуды дамытуға және мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен холдингтердің бірінші басшылары мен орынбасарларының жауапкершілігін күшейтуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер топтамасын әзірлейді. «Отандық шикізатты қайта өңдеуді тереңдету жұмысы әрі қарай жүргізіледі. Әлеует 35 млрд АҚШ долларынан асады. Металлургия өнеркәсібінде отандық шикізат негізінде жоғары бөліністі өнімдер өндірісін дамытуға баса назар аударылады. Отандық кәсіпорындарды тиімді бағалармен қажетті көлемде қамтамасыз ету тетігін әзірлей отырып, шикізатқа жыл сайынғы қажеттілікті қалыптастыру жоспарланып отыр», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Қазір оқып жатыр

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева

Жұманғарин «Өзіңізді баймын деп есептейсіз бе?» деген сұраққа жауап беруден бас тартты

Серік Жұманғарин