28 Қазан 17:15
...

Өнердің ортасынан емес: Иманбектің үйленетіні рас па?

Фото:

Бірнеше күннен бері өнерсүйер қауым арасында «Грэмми» жүлдесінің иегері «Иманбек Зейкенов үйленеді» деген сыбыс тараған. Тіпті, кейбір телеграм-каналдар тойдың қашан және қай қалада өтетінін де жазып үлгерді. Осы ақпардың анық-қанығын білмекке NEGE тілшісі өнер иесінің өзіне қоңырау шалған еді.

– Иманбек, қалыңыз қалай?!

– Жақсы, рақмет!

 Сізді отбасын құрғалы жатыр деп естіген едік. Құттықтай берсек бола ма?

– Тілекші болғаныңызға алғысым шексіз! Бірақ, бұл жалған ақпарат.

 «Жел шықпаса шөптің басы қимылдамайды» деген ғой. Мүмкін, алдағы жылға жоспарлап қойған боларсыз?

– Шынымды айтсам, әзірге үйлену жайын жоспарлап отырған жоқпын.

 Десе де сіздей жігіттің қызы жоқ дегенге ешкім илана қоймас?

– Әрине, сүйіктім бар.

– Бәрекелді! Таңдауыңыз түскен ару да шығармашылық адамы болар?

– Жоқ, өнердің ортасынан емес.

– Музаңыз болса, жаңа туынды жазуда мәселе жоқ шығар. Қазір кіммен творчестволық  тандем орнатып, қандай композиция жазып жатқан жайыңыз бар?

– Бұл жағы құпия болып қалсыншы. Оның үстіне біраз уақыт сұхбат бермеймін деп шешкен едім. Сондықтан ренжімеуіңізді өтінемін!

Айта кетейік, соңғы рет Иманбектің Джей Шон лақап атымен таныс британық танымал әншімен бірлескен Gone атты туындысы жарыққа шыққан еді. Отандасымыздың өнеріне тәнті болған батыстың белді жұлдызы әлеуметтік желі арқылы «Інім, сен тректі жандырдың!» – деп ризашылығын білдірген.

Тегтер: