USD
USD
USD

Өнер иелерінен тарту

Шоу-бизнесте жүрген өнерпаздар шығармашылығын қолға алды. Тыңдарманның көңілінен шығу үшін олар репертуарын жаңартып, әнбаян таспалады.

Өнер иелерінен тарту
Фото: NEGE.kz

Продюсер Алуа Қонарованың бастамасымен құрылған «Рензо» тобы жаңа туындыны ұсынды. Жігіттер «Нам мало» әніне видео түсіріп, жанкүйерін қуантты. Ырғақты әннің кадрлары бейнебаян ретінде саналмайды. Десе де, жігіттердің еңбегі еленбей қалмады. Ән де, клип те ютуб қолданушыларының оң бағасына ие болды.

Жаңа туындымен Назима да өз тыңдарманын қуантуға асық. Black Star-лық арудың «Ленты» атты трегінің желідегі тизері шоу мен шуға толы. Махаббат хикаясын насихаттайтын бейнебаян 17-ші наурыз күні қалың көрерменге жол тартпақ.

Ал «Жүзім» тобының экс-солисі Аружан болса, жаңа деммен сахнаға қайта оралуды жоспарлап жүр. Асыл Айдар құрған ұжымнан бөлініп шыққан ару, бір жыл бойы шығармашылық ізденісте жүрген еді. Бүгінде продюсерсіз жеке әнші ретінде жұмысын бастаған q-pop әншіге анасы қаржылай қолдау көрсетуде. Бүгінде жас өнерпаз бейнебаян таспалап үлгерген.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy