USD
USD
USD

Өнер иелері неге шу шығарды?

Қазақ эстрадасындағы танымал әншілер тиісті жалақы көрмедік деп базынасын жеткізді. Алматыда арнайы жиналыс өткізген әншілер қауымы шара қолдануды талап етеді.

Өнер  иелері неге шу шығарды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өнер иелері зияткерлік меншік құқығын қорғайтын бірлестікті айыптап, шағымданғанымен, әлі күнге дейін толыққанды жауап алмаған. 10 жылдан бері қаламақыларын ала алмай жүрген эстрада жұлдыздарының өкпесі қара қазандай. Сайып келгенде әншілердің сөзін тыңдайтын басшылық та, жалақы да жоқ. Өнер иелері бірлестіктің бағынбай кеткенін, тіпті ұйым басшысын танымайтындарын жеткізді. Сондықтан олар зияткерлік меншік құқығын қорғайтын бірлестіктің директорын алып тастау қажет деп отыр.

«Үш ай сайын, орысша «квартал» дейді ғой, сол кезде біресе он мың түседі, біресе он жеті мың түседі. Ең көбі отыз мың теңге түскен кезі де болды. Оны жасыруға болмайды», - дейді әнші Өмірқұл Айниязов.

«Бүгінгі күні залда жиналған әншілер авторлық қоғамнан қалтарына түспеген қаламақылары жайлы айтты. Түскен күнде де өзінде адам ұялатын тиын түседі екен», - дейді тағы бір әнші Жеңіс Ысқақова.

Әншілердің қоғамы туралы ашық деректерде жыл сайын 20-25 миллион теңге салық төлейтіні жазылған. Демек ұйымға қомақты кіріс бар деген сөз. Ал қоғамдық бірлестік ұзақ жылдар бойы біраз соттасып, кабельді операторлардың біріне қарыз болып қалған, сот шешімі де шығып қойыпты. Әншілер танымаймыз деген ұйым басшысы жиынға шақырылмады. Алайда оны қорғамаймын деген заңгер сот шешіміне әлі қарсылық танытамыз дейді.

«Директор да осы қиындықтың басында тұр. Оған да бұл жағдай оңай емес, ол да уайымдайды. Соттың шешімін орындауымыз керек. Директор бұл жиынға шақырылмады», - деді «ҚЗМҚБ» РҚБ заңгері Игорь Каримов.

Ашынған әншілер сырттай директорды орнынан алып тастап, Мейрамбек Беспаевты басшы қылып сайлап алды. Себебі ұйым жарғысы бойынша ең жоғарғы билік мүшелер ұйым жиналысы дейді. Ал мыңдаған мүшесі бар бірлестікті басқаруға танымал әнші дайын екен.

«Әншінің жағдайын әншіден басқа кім түсінеді? Мен жалғыз өзім бұны істеп кете аламын деп айта алмаймын, өйткені  бүкіл әншілер маған көмектеседі. Заңгерлердің болуы керек жанымда. Себебі әншілердің қандай мәселесі бар екендігі айтылып, ала алмай жүрген қанша ақша бар екендігі анықталу керек. Қашанғы біз жем болып, жүре бермекпіз?» - деді Мейрамбек Беспаев.

Жиналысқа қатыспаған ұйым директоры ешқандай мәлімдеме жасамаған. Ұйым ғимаратының есігі болса тарс жабылған, сыртында мөр басылған қағаз да бар.

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды

27 наурызда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс