USD
USD
USD

Өндіріс қауіпсіздігін сақтамаған кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығметжан Мақажанов 2021 жылы ұйымдарға жүргізілген тексерулер туралы мәлімет берді.

Өндіріс қауіпсіздігін сақтамаған кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Есепті кезеңде ерекше тәртіп бойынша 630 жоспарлы тексеру және жоспардан тыс 371 тексеру жүргізілді. Соның аясында 18 640 объект қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 17 588 заңға қайшы олқылық анықталды. Оның ішінде жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша – 16 535, жоспардан тыс тексеру бойынша – 1 053 олқылық табылды», - деді Нығметжан Мақажанов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуныша, кемшілік анықталған кәсіпорындарда тексеру қорытындысы бойынша жедел ден қою шараларын қабылданып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалған.

«Тексеру нәтижелері бойынша 100 млн теңгеден астам соманың 747 әкімшілік айыппұлы салынды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзу арқылы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген 280 объект анықталып, оның төртеуі жұмысын тоқтатты. Есепті кезеңде қауіпті өндірістік объектілерде 14 авария және 187 инцидент тіркелді. Қадағалаудың салалары мен түрлері бойынша авариялардың басым бөлігі көмір, металлургия, мұнай-газ, газ шаруашылығы объектілерінде және көтергіш құрылыстарды пайдаланатын объектілерде болды. Апат салдарынан барлығы 6 адам зардап шегіп, оның 1 адам қайтыс болды», - деді комитет төрағасы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар