USD
USD
USD

Өңдеуші кәсіпорындарға 3 пайыздық жеңілдетілген несие беріледі

  Өңдеуші кәсіпорындарға 3 пайыздық жеңілдетілген несие беріледі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай мәлім етті, деп хабарлайды.

Өңдеуші кәсіпорындарға 3 пайыздық жеңілдетілген несие беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Карантиннің шектеу шараларының жеңілдеуі аясында, мамырдан бастап қызметтер секторы бойынша жекелеген салалардың қалпына келуі байқалады. Атап айтқанда, сауда 28,3%-ға, оның ішінде бөлшек сауда – 34,2%-ға, көтерме сауда – 26,1%-ға өсті. Көлік қызметтері – 20,7%-ға, оның ішінде жолаушылар айналымы – 41,5%-ға, жүк айналымы – 5,7%-ға артты. Ал тамақтану бойынша қызметтер 10,8%-ға өсті», – деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.

Мамыр айында қызметтер саласында өсімнің серпінді қалпына келуі тіркелген. «Экономикалық белсенділікті одан әрі қалпына келтіру мақсатында 20 мамырда 2020 жылға арналған кешенді жоспар қабылданды. Кешенді жоспар қолданбалы сипаттағы нақты шараларды қамтиды. Бұл алдымен – өнеркәсіпті дамыту қорын құру. Өңдеуші кәсіпорындарға 3% жеңілдетілген мөлшермен несие беру көзделіп отыр»,– деді ол.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған