USD
USD
USD

«Оңбаған болмаңдар»: Елші Дәурен Абаев жастарға қандай кеңес берді?

Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев Екатеринбургтегі халықаралық фестиваль аясында өткен кездесуде жастарға бірнеше кеңес беріп, өзі маңызды деп санайтын қасиеттерге тоқталды.

Дәурен Абаев
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Астана, NEGE. Kaztourism.media желілік басылымы кездесуден бейнежазба жариялады. Онда елші ең алдымен жастарға «оңбаған болмауды» кеңес етіп, мұны «өте маңызды» қасиет деп атады.

«Жастарға бірер нәрсе ғана айта аламын. Оңбаған болмауларың керек. Дұрыс аударылар деп үміттенемін. Бұл – бірінші. Егер «жақсы адам болыңдар» десем, естеріңде қалмас еді. Ал оңбаған адам болмау – өте маңызды дағды, маңызды қасиет», – дейді Абаев.

Сондай-ақ ол жастарға кәсіби маман болуға және әлеуметтік капиталды үнемі арттырып отыруға кеңес берді. 

«Оқудан бөлек, қолыңнан келетін кез келген іспен айналысуың керек. Бұл өте маңызды», – дейді ол. 

Елші университет қабырғасында жүрген кезінде студенттер кәсіподағының төрағасы болғанын, КВН-ге қатысып, 1997-1998 жылдары Қазақстан чемпионы атанғанын, футбол ойнап, спортпен айналысқанын айтады. Айтуынша, соның арқасында оқумен шектелген курстастарына қарағанда, мықты нетворкинг құрып үлгерген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон