USD
USD
USD

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

9 қараша күні таңертең Алматы метросының станцияларында ұзын-сонар кезек пайда болды. Жолаушылардың айтуынша, ONAY қосымшасы дұрыс жұмыс істемей, турникеттен өтуге қажетті QR-кодты ала алмаған.

Метродағы кезек
Фото: @dauletkyzy_aknur/threads, видеодан кадр

Астана, NEGE. Әлеуметтік желіде қала тұрғындары жүйедегі ақауға байланысты жұмысқа және сабаққа кешіккендерін жарыса жазды. Кейбірі автобустарда да жолақы төлеу кезінде қиындықтар болғанын хабарлады.

Метрополитен өкілдері техникалық ақау болғанын растады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жүйедегі іркіліс таңғы сағат 06:30-да басталып, барлық станцияны қамтыған.

Алайда жолақыны көлік және банк карталары, Apple Pay, Samsung Pay, сондай-ақ қағаз QR-билеттер арқылы төлеу штаттық режимде жұмыс істеген.

Сағат 09:30-ға қарай ақау толық жойылды. Метрополитен әкімшілігі жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті