Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Он жылдан астам уақыт іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

ШҚО-да 10 жылдан астам уақыт іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Он жылдан астам уақыт іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Семей, NEGE. 2011 жылдың қарсаңында күдікті үш серіктесімен бірге облыс орталығындағы сауда үйлерінің біріне қарақшылық шабуыл жасады. Қаскөйлер дүкеннен 3,5 млн теңгесі бар сейфті ұрлап кеткен. Аталған қылмысқа қатысқан қаскөйлердің барлығы ұсталып, сотталған, алайда күдіктілердің бірі осы уақыт ішінде бостандықта жүрген. 10 жыл өткеніне қарамастан, биыл ШҚО криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіру жұмысын күйшейтіп, нәтижесінде ол анықталып, ұсталды.

«Күдікті жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында әріптестердің көмегімен сәуір айының басында Алматы қаласында ұсталды», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. Қазіргі уақытта 44 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық