USD
USD
USD

Он жасар қызды көлік қағып кетті

Оралда автокөлік он жасар қызды қағып кетті.

Он жасар қызды көлік қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 27 қазан күні шамамен сағат 08.30-да Зачаган кентіндегі №10 мектеп маңында болды.

«Мерседес» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі М.Мөңкеұлы көшесінде белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 2011 жылғы қыз баланы қағып кетті. Қыз облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Анықталғанындай, қыз бала мектепке ата-анасынсыз, жалғыз бара жатқан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, бұғанасын соғып алған қыз бала дәрігерлер қарағаннан кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді. Орал қаласында соңғы екі күнде осындай екі оқиға тіркеліп отыр.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік