USD
USD
USD

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ балдық жүйе енгізбек

Қазақстанда такси саласындағы жол қауіпсіздігін күшейту үшін оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынбақ. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

Alphard
Фото: NEGE/depositphotos.com

Астана, NEGE. Министрдің айтуынша, 2025 жылдан бастап такси агрегаторларына бақылау күшейтіліп, цифрлық ақпарат алмасу жолға қойылған. Қазір агрегаторларға оң рөлді 70 мың көліктің тізімі жіберілген. Жүргізуші куәліктерін автоматты түрде тексеру де енгізіліп жатыр. Осы арқылы жүргізуші куәлігі жоқ адамдардың такси қызметін ұсынуына жол берілмейді.

Бұдан бөлек, Көлік министрлігі мен такси агрегаторларына жүргізушілердің рейс алдында медициналық тексеруден өтуін және көліктердің техникалық жағдайын бақылаудың нақты тетігін әзірлеу жоспарланған.

Сәденов жол ережесін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерге қатысты «балдық» жүйе енгізу пысықталып жатқанын айтты.

«Ең үздік халықаралық тәжірибені зерделеп, енгізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта айыппұлды елемейтін өрескел құқықбұзушылар бар. Олармен күресу мақсатында "балдық" жүйені енгізуді пысықтаудамыз. Ол әрбір құқықбұзушылықты және оның ауырлығын ескереді. Айыппұлмен қатар, бірнеше мәрте және ауыр бұзушылықтар үшін жүргізуші куәлігін бір жылға айыру көзделеді», – деді министр.

Сондай-ақ премьер-министр inDrive компаниясының бас директоры Арай Бекембаевтан қалааралық жолаушы тасымалында оң рөлді көліктерді пайдалану мәселесін сұрады. Бекембаевтың айтуынша, Үкімет аппаратының үйлестіруімен ІІМ, Көлік министрлігі және агрегаторлар бірлесіп, 70 мыңнан астам оң рөлді көлікті жүйеден бұғаттаған.

«Оң рөлді көліктердің 70 мыңнан астамын өшірдік. Осыдан кейін бұл көліктерді заңсыз қайта жабдықтау мәселесі пайда болды. Біз оларды анықтап, жүйелер арқылы VIN-кодтары бойынша бұғаттадық. Қазір оң рөлді көліктерге тек сәлемдеме жеткізуге рұқсат етіледі», – деді Арай Бекембаев.

Бектеновтің айтуынша, Alphard бастапқыдан оң рөлді көлік санатына жатады. Сондықтан мұндай көліктердің жолаушы тасымалдауына жол бермеу қажет. Премьер-министр бұл мәселеге ерекше назар аударып, талаптарды бұзу фактілерінің жолын кесуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы