Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Он екі адамды 36 млн теңгеге алдаған жалған кәсіпкер сотталды

Он екі адамды 36 млн теңгеге алдаған жалған кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сот үкімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ақтөбе қаласының 44 жастағы тұрғыны, өзін кәсіпкер ретінде таныстырған азамат, өз таныстарын төмен пайызбен несие рәсімдеуге көмектесемін деп сендіріп, 36 миллион теңгеге жуық қаражатты иемденген.

Алаяқ түрлі бизнес жобалар – дәмхана мен монша салу, мал шаруашылығын кеңейту секілді бастамаларға несие алғысы келген азаматтарға мемлекеттік қолдау шеңберінде жеңілдетілген қаржы әперемін деген уәде берген. Ол бұл қызметі үшін әр адамнан 2-ден 6 миллион теңгеге дейін қаражат алып, алайда уәделерін орындамай, созбалаңға салған. Көп күтуден шаршаған жәбірленушілер құқық қорғау органдарына жүгініп, нәтижесінде қылмыстық іс қозғалды.

Сот үкімімен алаяқ 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өндіріп беру мақсатында 36 миллион теңгені атқару парақтары арқылы өтеуге міндеттелді.

 Бұл оқиға алаяқтықтың жасырын әрі сенімге құрылған түрлерінің қауіптілігін тағы бір мәрте көрсетіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда Telegram жұмысы баяулады: жауапты мамандар не дейді?

Telegram

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық