USD
USD
USD

Өмір бойына жарыстардан шеттетілген Алексей Нидің жаза мерзімі қысқартылды

Өмір бойына жарыстардан шеттетілген ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бұрынғы бапкері Алексей Нидің жаза мерзімі 4 жылға дейін қысқартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алексей Ни
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасын жаттықтырған Алексей Ни өткен жылдың қараша айында өмір бойына спорттан шеттетілген болатын. Алайда Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) бұрынғы шешімін өзгертіп, жаза мерзімін 4 жылға дейін қысқартты.

Алексей Нидің жазасына қатысты шешім ұлттық құраманың 2008 жылы Пекинде, 2012 жылы Лондонда және 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаларда болған допинг жанжалына қатысты қабылданған болатын.

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкеріне берілген жаза мерзімінің қысқарғанын Қазақстан ауыр атлетика федерациясы растады.

ІТА Алексейдің ғана емес, туған інісі Виктор Ниге де қатысты шешімін қайта қараған көрінеді. Ол да ұлттық құрамада аға жаттықтырушы болған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жұмыссыз қалғандарға берілетін әлеуметтік төлем мерзімі қысқармақ

Ақша

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева