USD
USD
USD

Өмірзақ Шөкеев мақтааралдықтармен кездесті

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы кезекті жұмыс сапарында құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, Өргебас, Фирдауси ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Өмірзақ Шөкеев мақтааралдықтармен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мақтаарал ауданындағы жағдай алғашқы күннен мемлекет назарында екені мәлім. Су тасқыны салдарын жойып, ауданның күнделікті тіршілігін қайта қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданып, қираған баспаналардың орнына жаңа тұрғын үйлер салынуда. 4 мыңдай халық мекен еткен екі елді мекендегі 500-ден астам баспана толығымен бұзылып, қайта салынып жатыр.

Су басудың салдарынан зардап шеккен әр үйдің құрылысына мемлекеттен 17 млн теңге бөлінген. Тұрғындар оны төртке бөліп алуда. Құрылысы жүріп жатқан үйлердің қабырғалары қаланып, шатыры жабылып жатыр. Екі ауылға 2 мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылған.

Әлеуметтік нысандар жөнделіп, инфрақұрылым қалпына келтірілуде. Асфальт төсеу жұмыстары елді мекендегі тұрғын үйлердің құрылысынан кейін жүргізілмек.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны