USD
USD
USD

«Омикрон» жұқтырғандар көрсеткіші 73 пайызға артты

АҚШ-та «омикрон» штамын жұқтырғандардың саны күн сайын еселеп артуда. 

«Омикрон» жұқтырғандар көрсеткіші 73 пайызға артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. АҚШ Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаукидің айтуынша, «омикрон» штамын жұқтыру саны бір аптада 8-10%-дан 73% - ға дейін өсті.

Бұл туралы ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Германия тұрғындарына пандемияға байланысты қарым-қатынасты мүмкіндігінше шектеу ұсынылды. 28 желтоқсаннан бастап жеке кездесулерге ең көп дегенде 10 адам қатыса алады деп күтілуде. Вакцинацияланбаған адамдар тек бірге тұратын адамдармен араласа алады. Сонымен қатар түнгі клубтар мен дискотекалар жабылады деп күтілуде.

Таиланд Пхукеттен басқа саяхаттауға болатын барлық провинцияны шетелдік туристер үшін уақытша жауып тастады. Ел билігі барлық келушілер үшін міндетті карантин енгізуді қайта қарастыруда.

ҰХЛ ойын маусымын уақытша тоқтату туралы жариялады. Лигада мұндай шешім коронавирусты жұқтырған ойыншылар мен клуб қызметкерлері санының күрт өсуі және 50-ге жуық тұрақты чемпионат ойындарын мәжбүрлеп көшіру аясында қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич